Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Пікір 711 0 пікір 6 Қараша, 2024 сағат 14:14

Игорь Лепеха Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты түсінік берді

Фото: ІІМ

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

«Қазір сол жерде біздің бір топ қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді», - деді И. Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар журналистер бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын сұрады.

«Біздің қызметкерлерге қатысты мәселе қаралып жатқан жоқ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ол (Х. Қасымбаев) ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық процессуалдық әрекеттерді біздің қызметкерлер бірінші кезеңде орындады», - деді министрдің орынбасары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974