Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Дей салдым-ау 661 2 пікір 18 Қараша, 2024 сағат 15:23

Министр: Алмасбек Садырбайды білмеймін...

Сурет: zhasalash.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров "Шаңырақ" ҚБ басшысы Садырбайдың ұсталуы жайлы Ulysmedia.kz порталының сұрағына жауап берді.

– Белсенді Санжар Боқаев Алмасбек Садырбаевтың ұсталуын бюджетті игеріп жатқан әрі министрмен, яғни сізбен байланысты олигархтардың тапсырысы деп атады. Сіз бұған қалай жауап бересіз? – деп сұралды министрден.

Бұл сұраққа жауап берген Айдарбек Сапаров біріншіден, “бұған біздің ешқандай қатысымыз жоқ” дейді.

– Ол «сельхозник» емес. Құқық қорғау органдары ұстаса, сол кісілердің өздері білетін шығар не үшін ұстап жатқанын. Мен жаңа ғана айттым, тағы да айтам, субсидия деген – шығындардың орнын толтыру. Субсидияны облыстар береді. 2020 жылдан бастап облыстарға беріп қойғанбыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінде тек ереже ғана қабылданады. Субсидия алатын адам өтініш бергенде жауапкершіліктің бәрін мойнына алатындай астына қолын қояды. Сондықтан, не үшін ұсталғанын, қалай екені жөнінде пікір білдіре алмаймын. Мен оны білмеймін. Қай облыстан алды? Жұмыс жүргізіп жатқан сотрудниктер білетін шығар, – дейді министр.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5906