Жұма, 22 Қараша 2024
Бетбұрыс 369 2 пікір 21 Қараша, 2024 сағат 12:44

Бектенов: Отандық өндірісті қолдау маңызды!

Сурет Үкімет сайтынан алынды.

Өңделген өнім импорты 7,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

«Экономиканы әртараптарындыру — ол Үкіметтің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы да үнемі осы мәселеге назар аударады. Сондықтан Үкімет пен құзырлы органдар осы бағытта бенсенді жұмысты атқарып жатыр, қазірдің өзінде нәтижесі бар деп айтуға болады. Статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша қазір шиказат секторынан асып кетіп жатыр. Нақты цифрларды айтатын болсақ, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47 пайыз құраса, шикізат секторының үлесі 45 пайыз шамасында. Әрине, осы бағытта белсенді жұмыс атқару керек. Қабылданған шешімдердің арқасында бірінші кезекте шикізатты экспортқа емес, ішкі нарыққа жіберіп жатырмыз. Осы іс-шаралардың нәтижесінде қазір алюминий мен мыс бойынша өңдеу көрсеткіштерін 2 есеге ұлғайттық», — деді О. Бектенов.

Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыру бағытында өте маңызды мәселе — ол отандық өндірушілерді қолдау. Мәселен, мемлекеттік сатып алу аясында тиісті қадамдар жасалып жатыр.

«Біз тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынатын өнімдердің тізбесін 1,5 мыңнан 4,5 мыңға дейінгі тауарлық позицияға жеткіздік. Бұл өз кезегінде үлкен қолдау болады. Яғни кез келген мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік компания осы 4,5 мың тауарлық позиция бойынша ешқандай импорттық өнім сатып ала алмайды. Тек Қазақстанда жасалған тауарларды алады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде биылдың өзінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың саны 55 пайызға өсті. Бұл келісімшарттардың жалпы сомасы 350 млрд теңгеге дейін жетті», — деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің өңірлерінде ірі өндірістік жобалар іске асырылып жатыр.

«Бұл өндірістер — жалпы біздің экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік беретін нысандар. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, биыл өңделген өнім экспорты 6,4 пайызға өсіп жатыр. Керісінше, өңделген өнім импорты 7,2 пайызға төмендеді», — деді Прмьер-министр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5196