Жұма, 6 Маусым 2025
Жаңалықтар 1174 1 пікір 22 Қараша, 2024 сағат 16:05

Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген 60 мектепке айыппұл салынды

Фото: Gov.kz

Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

«2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру нәтижесінде 58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген. Бүгінде олардың 17-сі білім беру қызметін қойылатын талаптарға сәйкестендірді. Лицензиясыз жұмыс істеген мектептерге қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл салу туралы сот қаулылары шықты»,- делінген хабарламада.

Бұл білім беру ұйымдары негізінен Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан.

 

Abai.kz

1 пікір