Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 410 5 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 15:09

«Қош бол, Қазақстан»: Құлыбаевтар неге жанталасуда?

Коллаж altyn-orda.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетімен соттасуда.

«Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы - олигарх Тимур Құлыбаев ҚР Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитетімен соттасып жатыр», деп хабарлайды БАҚ.

«Талапкер: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауап беруші: Тимур Асқарұлы Құлыбаев», - делінген 18 қарашада басталған процесс тараптарының сипаттамасында.

Іс судьяға берілді және апелляциялық сатыда қаралады дегеннен басқа бұл істің егжей-тегжейі жоқ болып тұр.

Айта кетейік, Бас прокуратура активтерді қайтаруға қатысты қабылданған шаралардың егжей-тегжейін жалпылама ақпаратпен шектеп, мән-жайдың толық мәнісін ашық білдірмей отыр. Тіпті бірнеше мәрте активтерді қайтару процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекет қайдан шыққанын түсіндіре алмайтын байлыққа ие адамдардың, және мүлкі мәжбүрлі тартып алатын адамдардың толық тізімін жария етуге шақырған Парламент депутаттары да комитеттен егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізе алмай келеді.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар активтерді белсенді түрде сатуда деген ақпарат жария болғаны аз уақыт өткен жоқ. Қараша айының ортасында белгілі болғаны – «Қазақстан Халық Банкі» (Halyk Bank) ТМД-дағы өз филиалдарын сатуға шығарып, Ресей мен Тәжікстандағы филиалдар сатылдған.

Жақында Қырғызстандағы филиалды сату бойынша келісім аяқталғаны айтылады. «Ерлі-зайыпты екеудің бұрынғы Еуразиялық нарықты жеңіп алу амбициясының күлі көкке ұшып, банктің басты акционерлері Тимур мен Динара Құлыбаевтар соңғы кездері активтерін қарқынды түрде сата бастауы отандық БАҚ назарынан тыс қалған жоқ.

Мәселен, «Халық Банк Қырғызстан» қаржылық мекемесін «Visor International DMCC» сатып алған.
«Visor» тобы Тимур Құлыбаевпен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген және оның серіктесі болған қазақстандық бизнесмен Айдан Кәрібжановқа тиесілі.

Бұл ретте тараптар Құлыбаевтың Қырғызстандағы банкті Кәрібжановқа қандай сомаға сатқанын ашпайды. Бірақ мұны кейінірек «Halyk Bank-тың» 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық есебінен білуге болады.

Ал осы жылдың басында «Халық» тобы да Ресейдегі «Москоммерцбанк» филиалын сатты. Мәміле сомасы 7,3 млрд теңгені немесе 15,8 млн долларды құрады.

Бұдан бұрын, 2022 жылдың соңында «Halyk Bank» тәжік «еншілесін» Тәжікстанның Халықаралық банкіне берген болатын. 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банк активтері 14,2 трлн теңгені құраған.

Қазір «Halyk Bank-тың» 570 филиалы бар. Үш елде еншілес банктер сатылғаннан кейін Құлыбаевтың Грузия мен Өзбекстандағы филиалдары ғана қалған.

Осы орайда Құлыбаев империясындағы ақша қайда кетеді деген заңды сұрақ туындайды. Жауабы анық. Бай отбасы өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыра бастады.

«Joint Recourses» холдингінен дивидендтер ретінде 35,6 миллиард теңге, содан кейін «Каспий мұнай» компаниясынан 142,1 миллиард теңге және «Шұбаркөл премиум» АҚ-нан 20,9 миллиард теңге Құлыбаевтардың жеке шоттарына аударылғаны белгілі болып отыр.

Әрине, мұндай әрекеттер заңдарды бұзбайды және бұл олардың жеке істері болып саналады. Бірақ бұған дейін Тимур Құлыбаев өз компанияларын дамытуға қаражат салып, өз капиталын көбейтіп келген, ал соңғы жылдары ол тек өз кәсіпорындарынан сүт бетіндегі қаймағын қалқып алып, жекелеген активтерді сата бастады. Яғни, қазіргі үрдіс - активтерден барынша көп пайда тауып қалуға тырысу» және Тимур Асқарұлы өз болашағын Қазақстанмен байланыстырмайтындығы айқын танытты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5910