Сенбі, 30 Қараша 2024
Анық 281 0 пікір 29 Қараша, 2024 сағат 14:54

Даму бала: 55 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған

Сурет: ҚМА телеграм арнасынан алынды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде.

Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды.

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.

Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1602
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3423
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6793