Бейсенбі, 5 Желтоқсан 2024
Қылмыс 444 0 пікір 2 Желтоқсан, 2024 сағат 15:59

ШҚО: Алименттен қашқан әке сотталды

Сурет: alataugazeti.kz сайтынан алынды.

Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған алиментті төлемегені үшін 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оның алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды ШҚО прокуратурасы.

Ер адам өз міндеттерін орындаудан бірнеше рет жалтарып, ескертулерге қарамастан әрекет етпеген. Нәтижесінде сот органдары оған қатаң шара – бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдады.

Бұл жағдай алименттік міндеттерін жүйелі түрде орындаудан жалтарып жүрген адамдарға қандай санкциялар қолданылатынын көрсетеді.

Заңнамаға сәйкес, алимент төлемеу айыппұлдармен ғана шектелмей, қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айқындайды.

Мұндай шаралар ең алдымен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталғандығын, олардың ата-аналар жауапсыздығынан зардап шекпеуі керек екендігін ескертеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша анықтау бөлімшелері жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша сотқа 36 қылмыстық іс жолдағанын айта кеткен жөн.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1165