Спорт мамандары жалған дипломмен жұмыс істеп келген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті спорт және әлеуметтік салалардағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген талдау барысында 48 жалған диплом анықтады.
Бұл дипломдар ведомстволық деректер базасында және мұрағаттарда тіркелмеген, сондай-ақ оларда қойылған мөрлер мен ректорлардың аты-жөндері сәйкес келмейді .
Жалған дипломдардың көмегімен азаматтар жаттықтырушыдан бастап директордың орынбасарына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарып келген. Оларға бюджеттен 349 млн теңгеден астам жалақы түріндегі қаражат төленген. Қазір бұл жәйт бойынша полиция қылмыстық істер қозғады.
Abai.kz