Сәрсенбі, 4 Желтоқсан 2024
Қоғам 399 0 пікір 3 Желтоқсан, 2024 сағат 16:29

Баспана қымбаттай ма? Министр жауап берді...

Сурет: krisha.kz сайтынан алынды.

АҚШ доллары күн санап өсіп жатыр. Бұл еліміздегі тұрғынүй бкасғ,асына қалай әсер етеді? Қазақстанда бірінші және екінші нарықтағы баспаналар қымбаттай ма? Бұл сұраққа өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді.

Оның айтуынша, мемлекет ең әуелі әлеуметтік баспаналардың бағасының тұрақтандыруға күш салады. Бұл ретте министр “Наурыз”, “Отау” бағдарламасы жайлы, әкімдіктер бөлетін, жалға берілетін пәтерлерді айтып отыр. Бұл бағыттағы баспаналардың бағасы Шарлапаевтың айтуынша, өзгермеуі керек.

– Бізде құрылыста қолданылатын құрылыс материалдарының 70 пайызы Қазақстанның өнімі. Демек, бізде ол бағытта әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде бағалардың жоғары шегін реттейтін мүмкіндік бар”, – дейді ол.

Ал жеке баспана нарығы туралы айтқан Шарлапаев нарықта сұраныс көп дейді. Премиум, эконом санаттағы үйлер жетерлік.

– Бұл баспаналар бойынша нарықтық тетіктер жұмыс істейді. Бірақ біз тағы да Қазақстанда құрылыс материалдарының 70 пайызы отандық өнім екенін атап өткіміз келеді. Базалық арматура, бетон, цемент бәрі өндіріледі, – дейді ол.

Десе де, нарықтағы өзгерістерді министр жоққа шығармайды.

– Әлбетте, өзгерістер болады. Бірақ нарықтық экономика болғаннан кейін әр сегменттегі баспанада өз сатып алушылары бар. Нақты болжам айту қиын шығар. Біз әлеуметтік баспаналардың бағасын реттеу жағында жұмыс істейміз, – дейді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1116