Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 12689 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:50

Қазақтың 21 ханы жерленген Түркістан

Қасиетті Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында қос мереке. Мұражай болып ашылғанына 30 жыл толды. Ал қорық мұражай мәртебесіне ие болғанына 20 жыл болыпты. Осыған орай мұражай басшылығы мен мамандары кеше Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында мәслихат өткізді.
Түркістан қаласы соңғы алты ғасыр ауқымында халықтың мәртебесі, ұлттың рухы болып қалыптасқан екен. Бұл мәселе төңірегінде өте қысқа айтуға да, тым әрегіректен сөз қозғап ұзақ жазуға да болады. Қысқартып айтқанда, қазақтың жақсылары мен жайсаңдары сонау 1400-жылдардан бері дүниеден оза қалған жағдайда өздерін осы Түркістанға әкеліп жерлеуді аманат етіп отырған.
Қазірге дейін анықталған мәліметтерге қарағанда, қазақ халқының Түркістанда жерленген хандары мен билерінің, атақты батырларының саны 130-дан асыпты. Олардың 21-і хандар, яғни әртүрлі кезеңдерде ел басқарған асылдарымыз.
Бұл тізім әлі де толыға түсуі мүмкін. Соңғы жылдары 1643 жылы қайтыс болған Жәңгір ханның, 1723 жылы дүниеден озған Болат ханның, 1819 жылы көз жұмған Бөкей ханның осы қасиетті Түркістанда жерленгені дәлелденді.
Мұражай қызметкерлері берген мәліметтерге қарағанда, Түркістанда қазақтың мына хандарының сүйектері жатыр. Оқырманға түсініктірек болуы үшін хандарымыздың аты-жөнінен кейін жақшаға алып, олардың қайтыс болған жылын да көрсетейік.

Есім хан (1628), Жәнібек хан (1643), Жәңгір хан (1680), Тұрсын хан (1717), Тәуке хан (1718), Қайып хан (1718), Болат хан (1723), Сәмеке хан (1738), Жолбарыс хан (1740), Сейіт хан (1745), Барақ хан (1750), Сығай хан (1750), Әбілмәмбет хан (1771), Абылай хан (1780), Әбілфейіз хан (1783), Бөкей хан (1819), Тоғай хан (1826), Есім хан (ХІХ ғ. басы), Болат хан (ХІХ ғ. басы), Тәуке хан (ХІХ ғ. басы), Әликен хан (1859).
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы шетелдік саяхатшыларды өзіне тартып тұратын магнит сияқты. Әттең, осыны туризммен айналысатын министрлік ұқсата алмай келе жатқан сияқты.
Аталған мұражай құрамында 114 тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер бар. Олардың ішінде 65-і археологиялық, 35-і діни-рухани, ал 14-і археологиялық ескерткіштер. Тарихи-мәдени ескерткіштердің біреуі халықаралық, 50-і республикалық, 63-і жергілікті маңызға ие деген анықтама беріліпті. Қорық мұражайының жалпы аумағы 563 гектарға жуық. Ал Түркістан қаласының діңгегіндегі Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан тарихи орталықтың қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақтың өзінде сегіз тарихи ескерткіш бар. Олардың барлығы мұражайға айналған. Қазір халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Қасиетті Түркістанға келіп, зиярат жасаушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Келушілердің мұражайға кіруі тегін. Бірақ арнайы орнатылған темір жәшікке «атағандарын» салып кетіп жатады. Осының өзінен қорық мұражайға бір жылда 40 миллион теңгеге дейін қаражат түседі екен. Бұған бюджеттен бөлінетін 60 миллион теңгені қосыңыз...
Біз жақында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына барып қайттық. Саяхатшылар «атағанын» салып кететін темір жәшік Тайқазанның жанында тұр екен. Сол темір жәшіктің ішіндегі кендір қапты аптасына бір рет алып, ашып, арнайы құрылған комиссия түскен қаражатты санап, кассаға өткізеді екен. Кендір қап аузы-мұрнынан шығып, толыпты. Оны бір адам көтере алмайтынға ұқсайды. Сондықтан арбашаға салып, арнайы орынға қарай алып бара жатты.
Дәл сол күні қаптан қанша қаражат шыққанын сұрамадық. Бірақ ішінен өзбектің сумы, қырғыздың сомы, тәжіктер мен түрікмендердің ақшасы, тіпті Ресейдің рублі де менмұндалап көрініп жатты. Темір тиындар мен қазақтың теңгесі десте-десте болып тұрды. Әлгінде «кесене маңында халыққа қызмет етіп тұрған сегіз тарихи ескерткіш бар» дедік. Олар: Қожа Ахмет Йассауи мұражайы. Ол ХІV ғасырда салынған. Кесененің жалпы алаңы 655 шаршы метрге таяу.
Қылует жерасты мешіті мұражайы. Бұл ХІІ ғасырдың ескерткіші. Жалпы алаңы 702 шаршы метр.  Жұма мешіті мұражайы. ХІХ ғасырдың ескерткіші. Ішкі аумағы 603,6 шаршы метр.  Шығыс моншасы мұражайы. Ол ХVІ ғасырда салыныпты. Аумағы 130 шаршы метр. Түркістан тарихи мұражайы. Бұрын Ресей әскерлерінің казармасына айналдырылған екен. Тарих осылай тапталған. Ғимарат ХІХ ғасырда салынған екен. Қазір осы мұражайды көргендер жәдігерлерді орналастырудағы ғылыми сауаттылыққа, тарихи бай материалдарға тәнті қалып жүр. Мұражайдың жалпы аумағы 1050 шаршы метр. Археология және этнография мұражайы. Бұл ХІХ ғасырдың қалпына келтірілген ғимаратына қоныстанған. Оған соңғы кезде қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер қойылған. Рабия Сұлтан Бегім кесенесі мұражайы. Бұл ХV ғасырда салынған. Аумағы 62 шаршы метр. Түркістан көшесі ашық аспан астындағы мұражайы. Ежелгі Түркістанның көшелерін осы арада көресіз. Емін-еркін аралайсыз. Көшелердің төбесіне күннің аптап ыстығында ұзын қамыстан тоқылған шилерді тастай салған болса керек...
Осы аталған сегіз мұражайдың өзін Стамбулдағы Топкап мұражайының деңгейіне жақындатуға бола ма, жоқ па? Топкап шамамен жылына Қазақстанның кем дегенде бір облысының бюджетінен асып жығылатын кіріс келтірсе керек.
Бірақ «Әзірет Сұлтанды» біз айтқандай дәрежеге жеткізу үшін республикадағы тиісті министрлік шын мәнінде екі білекті сыбанып жұмыс істеуге тиіс. Казір бюджеттен бөлініп отырған 60 миллион теңгемен ауыз толтырып айтатындай шаруаны тындыра алмайсыз.
Қазірше қазақтың 21 ханы, мұнан тыс 110-ға таяу билері мен батырлары жерленген Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайының айналасы қоршалмаған, күмбездің ұшар басы құздана бастапты... Осындай, басқа да өткір мәселелер бар. Бірақ олар хақында келесі мақалада сөз етейік.

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы
«Айқын» газеті 19 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543