Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Өзекті 432 3 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 14:13

CҚО: 20 жылда 139 елдімекен картадан жойылып кеткен

Сурет: halyq-uni.kz сайтынан алынды.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Саржанов облыстық қоғамдық кеңесте елді мекендерді қысқарту мәселесіне тоқталды.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі қорытындысы бойынша облыста халық саны 50 адамнан аспайтын 45 ауыл анықталған.

Бұл елді мекендерде тұратын 258 адамның 75-і — зейнеткерлер мен балалар. Нәтижесінде Есіл ауданында — 8, Тайыншада — 6, Жамбылда — 6, М.Жұмабаевта — 6, Мамлютте — 5, Аққайыңда — 3, Уәлихановта — 3, Қызылжарда — 2, Тимирязевте — 2, Ғ. Мүсіреповте — 2 және Шал ақын ауданында екі елді мекен қысқартылмақ.

— Ауылдардың тұрғындарының пікірі ескерілді, жиналыстар өткізіліп, тарату туралы шешім қабылданды, өйткені бұл ауылдарда әлеуметтік инфрақұрылым мүлдем жоқ. Әлеуметтік нысандар жабылып қалған, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі 20 елді мекенде ғана бар, 4 ауылға су тасып жеткізіледі. Демографиялық жағдайдың жыл сайын нашарлауына және әлеуметтік нысандардың, сондай-ақ жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауына байланысты қысқарту қажеттілігі туындады, бұл бюджет қаражатын әлеуеті жоғары елді мекендерге тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Тағы бір себеп — тұрғындарға өмір сүруге жайлы ортаны және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, — дейді Нұрсұлтан Саржанов.

Маманның айтуынша, 2000 жылдан 2019 жылға дейін өңірде 139 елді мекен жойылған. 2020-2022 жылдары аралығында пандемияға және халық санағына байланысты бұл жұмыс атқарылмаған.

— Тұрғындар қалауы бойынша өзіне ыңғайлы елді мекенге көше алады немесе осы ауылда тұра береді. Таратылған кезде ауылдың атауы ғана алынып тасталады, ал мемлекеттің міндеттемелері сақталады. Жалпы, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ көшуге ниет білдірушілер үшін отбасының әрбір мүшесіне жергілікті бюджеттен 15 АЕК мөлшерінде өтемақы бар, ал қоныс аударуға таңдаған ауылда бос тұрғын үй болған жағдайда жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, — дейді Нұрсұлтан Саржанов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1961