Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 439 3 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 14:17

Қонаев: 4 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz сайтынан алынды.

Қонаев әкімдігінің жер қатынастары бөлімі қалада 4 064 гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. 

Әкімдік мәліметінше, жыл басынан бері сот шешімімен 3 395,2 гектар жер қайтарылса, өз еркімен жерді иелену құқығынан бас тарту бойынша 668,9 гектар жер мемлекетке берілді. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 930 гектар жер учаскесі туралы іс сотта қаралып жатыр.

Сондай-ақ Қонаев әкімдігі егін шаруашылығын жүргізу үшін 130 га жер учаскелеріне конкурс өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

– Бұл жерлер 10 жылға жалға беріледі. Конкурсты өткізу туралы хабарлама мерзімді басылымдарда, сондай-ақ әкімдіктің ресми сайтында, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963