Шымкент: Судья 110 млн теңге пара сұраған
Шымкентте судьяға қатысты істі тергеу аяқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеу аяқталған.
«Олар алаяқтық жасады және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайына 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр», - делінген хабарламада.
Бас прокуратура қылмыстық істі 5 желтоқсанда сотқа жолдаған.
Abai.kz