Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1818 18 пікір 12 Желтоқсан, 2024 сағат 13:59

Өзбек депутаты: ОА Ресейге визалық режим енгізуі керек!

Сурет: nuz.uz сайтынан алынды.

Өзбекстанда Әлішер Қадыров дейтін ұлтын сүйген саясаткер бар. Ол «Миллий тикланиш» партиясының төрағасы. Бұл Парламенттегі партия.

Осы Қадыров ОА елдеріне қарата былай деді: «Орталық Азия елдері Ресей азаматтарына визалық режим енгізейік», - деді.

«Мен алдағы уақытта (Ресейде) болуы мүмкін тұрақсыздыққа байланысты релоканттардың саны күрт артатынын болжаймын және тек қана біз емес, сонымен бірге барлық Орталық Азия елдері Ресеймен визалық режим енгізуі тиіс деп санаймын.

Ресейдің кей саясаткерлері Орталық Азияға визалық режим енгізу керектігін айтып жүр. Сонымен бірге жұмыс іздеушілерге қатысты бақылау мен талапты күшейту керек деп ойлаймын. Біз Өзбекстанда тұратын азаматтардың барлығы өзбек тілін біліп, дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуі тиіс деген позициядамыз», - дейді.

Ресей қазір еңбек миграттарына қатысты (олардың дені өзбек, тәжік, қырғыз азаматтары) заңды қатаңдатуда. Ресей ендігіде мигранттарға мынадай талаптар қоюда:

- Орыс тілі мен тарихын білу (емтихан тапсыру),

- Орыстың салт-дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеу,

- Салық төленетін жұмысқа тұру, медсақтандыру төлеу,

- Ақыл-есіінң дұрыстығы туралы анықтама өткізу т.б.

Ресей Думасының кей депутаттары: «ОА-лық еңбек мигранттарын терроршыларға теңеп», оларға «отбасын өз елдеріне тастап, Ресейге жұмысқа жалғыз келуді» талап етуде.

«Біздің онсыз да тапшы бюджеттен мигранттардың балаларын тегін оқыту қалып еді. Сириядан сабақ алмаймыз. Қараңдаршы, 30 мың терроршы аз-ақ күнде не істеді? Ал біз ОА-ның мигранттарына барынша жағдай жасап, кел де келге салып отырмыз», - деді Думаның депутаттары.

Ресейде Қазақстаннан барып жұмыс істеп жатқан мигранттар жоқтың-қасы десек те, бұл ұсыныс біз үшін өзекті. Себебі, Ресейдің әскери билігі Украинаға қарсы мобилизация жасағанда Ресейден миллион орыстың Қазақстанға қарай селдей ағылғанын көрдік. Олардың дені үшінші елдерге немесе Ресейге кетті десек те, Қазақстанда қалғандары аз емес.

Мұндай жағдай кез келген уақытта қайталануы мүмкін. Біздің өзімізде де жұмыссыздық мәселесі күрделі тақырыптардың бірі. Ресми статистиканың өзінде 450 мыңға жуық жұмыссыз тіркеулі. Ал бейресми сан бұдан едәуір көп. Сондықтан, бар жұмыспен солтүстіктегі сойы бөлектерді емес, әуелі өзімізді жарлықайық...

Ал біздің елден кәсіп іздеп келген әркім (мейлі орыс, мейлі басқа болсын...) қазақтың тілін, тарихын, сал-дәстүр, мәдениетін, ұлттық еркшеліктерін білуі және оған құрмет көрсетуі міндетті болуы керек!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958