Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 681 0 пікір 18 Желтоқсан, 2024 сағат 13:38

Алматы бюджеті 293,6 млрд теңгені құрады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Алматы қаласының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есе өсіммен 295 млрд теңге сомасында бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«2023 жылдың сәуір айында өткізілген өкілеттіктерді орталықсыздандыру аудан әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп,ң өзекті мәселелері мен проблемаларды жедел шешудегі жұмыс тиімділігін арттырды», - деп атап өтті қала басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру 2023 жылы жүзеге асырылды. Мәселен, өткен жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші кезеңде қалалық деңгейден аудандық деңгейге 15 функция берілді: жолдарды ағымдағы жөндеу, инженерлік желілерді салу және жаңғырту, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, қосымша және мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру және басқалар. Бұл қадам аудан әкімдіктері жұмысының тиімділігін едәуір жақсартты және өкілеттіктерді беру,жауапкершілікті күшейту арқасында  қала тұрғындарының маңызды мәселелері жедел шешілетін болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963