Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Саңлақ 4653 0 пікір 23 Желтоқсан, 2024 сағат 13:42

Ауыр атлетика: Қазақстанда Азия чемпионаты өтеді

Сурет: ҚР ҰОК телеграм арнасынан алынды.

2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады.

19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2759
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4496