Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2977 2 пікір 28 Желтоқсан, 2024 сағат 18:36

Ерлан Қарин: «Демократияның бір өлшемі еркіндік болса, екінші өлшемі – жауапкершілік»

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Мемлекеттік кеңесші Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Ерлан Қарин басқосуда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалардың жемісі, сондай-ақ ел тұтастығы мен халық бірлігінің мән-маңызы туралы айтты.

«Бүгінде Президенттің саяси реформаларының нәтижесінде елімізде плюрализм, сөз еркіндігі толық орнықты. Бірақ демократияның бір өлшемі еркіндік болса, екінші өлшемі – жауапкершілік. Түрлі мәселелер жөнінде дауласамыз, айтысамыз деп жүріп ел ішіне іріткі салып, азаматтарды бір-біріне қарсы қоюдан сақтанып, жол бермеуіміз қажет. Ескі және Жаңа деп, немесе билік пен қоғам деп бөлінбей, әрдайым ортақ мүдде тұрғысынан пайымдап, бірге болуымыз қажет. Бәріміз де бір елдің азаматтарымыз, бөліп жаратын ештеңе жоқ. Қазақстан тек бізге ғана керек», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 855
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2253
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 575
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 550