Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 3380 2 пікір 31 Қаңтар, 2025 сағат 13:39

Елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде инфрақұрылымды ықтимал су тасқынына дайындау үшін жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтемін. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады. Осы іс-шараларды  іске асыру су басу қаупін барынша азайтуға және елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы.

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, су тасқыны аяқталғаннан кейін өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастады.

«Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде Министрліктің бөлімшелері жүзеге асыруда. Сондай-ақ Үкімет Аппараты инспекторларының қатысуымен бірнеше рет тексерулер жүргізілді. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс – шаралар іске асырылды», – деді министр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 895
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1192