Дүйсенбі, 3 Ақпан 2025
Жаңалықтар 166 8 пікір 3 Ақпан, 2025 сағат 13:42

Қаржы министрлігі бойдақтарға салық сала ма?

Сурет: Қармақшы таңы гәзетінен алынды.

Қаржы министрлігі бойдақтарға салық салу бастамасын қарауға әзір. Алайда ведомство әуелі бұл ұсыныстың ресми түрде түскенін күтуде.

- Біз Талдықорған тұрғындарымен кездескенімізде бойдақтыққа қатысты мәселені талқылаған болатынбыз. Бұған дейін салықтың бұл түрі Италияда және Болгарияда болған екен. Демография тұрғысынан бұл маңызды мәселе. Бірақ мұндай салық салуды мен ұсынған жоқпын, БАҚ менің сөзімді басқаша жеткізген, - дейді бұған дейін бойдақтарға салық салуды ұсыну туралы айтқан мәжіліс депутаты Болат Керімбек. 

Бұған қарамастан, бала тууды ынталандыру бойынша қабылдануы мүмкін шараларды талқылау жалғасуда. Қаржы министрлігі баласыз қалу салығын енгізу туралы ұсыныс ресми түрде түссе, заңға сәйкес қаралатынын растады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай салықты енгізуге қатысты заңнамалық бастамалар жоқ.

ДЕПУТАТ БҰҒАН ДЕЙІН НЕ ДЕП ЕДІ

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Болат Керімбек не себепті бойдақтарға салық салу керектігін түсіндіріп беруге тырысқан болатын.

Ол “Болат Керімбек бойдақтарға салық салуды ұсыныпты” деген ақпарат әлеуметтік желіде де, БАҚ-та көп талқылған еді. Депутаттың өзі осы ұсынысы турасында бірнеше рет түсіндірме берген. Әлі де сол пікірінде екен.

БҰЛ САЛЫҚТАН КӨП АҚША ТҮСПЕЙДІ

- Бұл қоғамдағы қатынасты реттеу, жастарға сигнал ретінде тәртіпке, ретке келіп, көпбалалы болу мақсатында берілген ұсыныс. Бұдан шынын айтқанда, көп ақша да түспейді. 35 жастан жоғары 50 жасқа дейін ғана болу керек, – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, әлемдік тәжірибеде бойдақтардың жалақысының 3-5 пайыз мөлшерінде ұсталады. Сонымен қатар, депутат алуан пікір айтуға әркімнің құқығы барын айтады. Бұл ұсыныс демографиялық тұрғыда Қазақстанға қажет дейді.

Abai.kz

8 пікір