Англияға жұмысқа барғандар: Құқығы қорғалады...

Англияға жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалатын болды, - деп жазды qaz365.kz сайты.
«Бұған дейін екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалғаны белгілі. Қазақ-Британ стратегиялық диалогының бүгінгі отырысында сол құжатты ратификациялау барысы талқыланды», – делінген СІМ хабарламасында.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личтің айтуынша, Британ агенттігімен меморандум жасалып, еңбек мигранттарының құқықтары қорғалатын болды.
Abai.kz