Сенбі, 22 Ақпан 2025
Тағайындау 727 0 пікір 17 Ақпан, 2025 сағат 18:18

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: Ақорда баспасөз қызметінен алынды.

Ақорда Жарлығында:

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазылған.

Бұл тағайындауға дейін Руслан Желдібай Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған.

Руслан Желдібай «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі (Ұлыбританияның Уорвик университетінің магистрі).

Ол «Қазақстан» телеарнасының бас редакторы, «Алматы» телеарнасында продюсер, Ақпарат комитетінің ақпараттық жұмыс бөлімін басқарды, ал 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болды.

Abai.kz

0 пікір