Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
46 - сөз 3145 4 пікір 21 Ақпан, 2025 сағат 16:32

АҚШ пен Ресей Украинаны сыртынан талқылауда

Сурет: gettyimages.com сайтынан алынды.

АҚШ пен Ресей өкілдері кейінгі бірнеше айда Швейцарияда Украина бойынша бейресми кездесулер өткізген.

Бұл жөнінде үш дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі жазды.

Агенттіктің хабарлауынша, олардың кейбірі Дональд Трамптың 2024 жылғы қарашада президент сайлауындағы жеңісінен кейін өткен. Reuters дерегінше, кейінгі кездесулердің бірі биыл 14-16 ақпан аралығында Германияда өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясымен бір уақытта болған.

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, кездесулерге "дипломатия және қауіпсіздік саласында тәжірибесі бар" екі ел үкіметінің бейресми өкілдері қатысқан. Дереккөздер олардың аты-жөнін айтқысы келмеген.

Дереккөздердің бірі Дональд Трамптың кейбір кеңесшісі бұл кездесулерден хабардар болған деп айтты. Тағы бірінің хабарлауынша, "екінші трек" шеңбері аясында өткен Швейцариядағы кездесулер нақты ұсыныс дайындауға емес, қарым-қатынасты жақсартуға және идеялармен алмасуға бағытталған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 442
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1660
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 412
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 391