Трамп құны 5 млн долларлық "алтын" визаны таныстырды

АҚШ президенті Дональд Трамп құны 5 млн доллар тұратын ықтиярхат алу мүмкіндігін – "алтын карталарды" таныстырды.
"Бұл сізге грин-картаның артықшылықтарын береді, сонымен қатар азаматтық алуға да жол ашады. Бұл картаны сатып алу арқылы елімізге бай адамдар келеді" деді Трамп.
Оның сөзінше, карта иелері "көп ақша жұмсап, көп салық төлеп, көп адамды жалдайтын болады". Ол жаңа бағдарламаның жай-жапсарын екі аптадан соң айтуға уәде берді.
"Картаны ресейлік олигархтар сатып ала ала ма?" деген сұраққа Трамп "бұл мүмкін" деп жауап берді. "Мен бірнеше ресейлік олигархты білемін, олар өте жақсы адамдар" деді ол.
Аталған "алтын карта" иммигрант-инвесторларға арналған қазіргі "ЕВ-5" визалар бағдарламасын алмастыруы тиіс. Бұл бағдарлама бойынша инвестор Америка экономикасына кемінде 800 мың доллар қаражат құйып, жұмыс орнын ашуы керек.
АҚШ қаржы министрі Говард Лютник "ЕВ-5" бағдарламасын "алаяқтық" деп атады. "Бұл грин-картаны арзан жолмен алудың жолы болған" деді.
Лютниктің айтуынша, "алтын карталарды" сатудан түскен қаражатты АҚШ бюджеті тапшылығы мәселесін шешу мақсатында пайдалануға болады.
Abai.kz