Жұма, 28 Ақпан 2025
Жаңалықтар 169 0 пікір 28 Ақпан, 2025 сағат 14:38

«Қазақ қызы-ұлттық болмыстың айнасы»

Сурет: Алматы қаласы Алатау ауданы № 180 мектеп-гимназиясынан алынды.

27 ақпанда Алматы қаласындағы № 180 мектеп-гимназиясында 8 наурыз –халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қазақ қызы-ұлттық болмыстың айнасы»  атты танымдық- шығармашылық кеш өткізілді. Мақсаты; Қазақ қызының ұлттық болмыстағы рөлін ашып көрсету, оның салт-дәстүр мен мәдениетті сақтаудағы маңызын талдау. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген қазақ қыздарының заманауи қоғамдағы орнын анықтау. Кеш  қонақтары  Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, «Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының» академигі, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ақын, қаламгер-журналист Айуп Ғалия Қайдауылқызы және шәкірті Қарасай ауданы, Іргелі мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Нұрғожаева Елнұр Қайратқызы.

Сурет: Алматы қаласы Алатау ауданы № 180 мектеп-гимназиясынан алынды.

Танымдық кеш барысында білім алушылар Ғалия Қайдауылқызының өмірбаянын, өлеңдері мен жарық көрген кітаптары туралы айтты. Сонымен қатар ақынның Отан, мектеп, ұстаз, ана, туған жер туралы өлеңдерін жатқа айтты. Сұхбат кезінде этнограф, ақын «Киелі кимешек» атты кітабында «Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі бас киімі, бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі мен мәртебесі» - деді. 

Танымдық кездесуге Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қарлығаш Медербековна да қатысып, мұндай кездесу қазіргі қазақ қыздарының рухани дамуына азық болатынын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір