Сейсенбі, 4 Наурыз 2025
Әне, көрдің бе? 688 3 пікір 3 Наурыз, 2025 сағат 14:07

АҚШ шенеуніктері: Зеленский кетсін!

Сурет: Haqqinюaz сайтынан алынды.

Украина президенті жұма күні Ақ үйде АҚШ президенті Трамппен, оның орынбасары Вэнспен сөз таластырып, келісімге келе алмай кері қайтқаннан кейін АҚШ-тың жоғары лауазым иелерінің позициялары қатқыл шыға бастады.

Трамптың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Майкл Уолц 2-ші наурызда CNN арнасына берген сұхбатында: «Америка Құрама Штаттарына АҚШ-пен де, Ресеймен де шүйіркелесе алатын әрі қақтығысты тоқтата алатын Украина көшбасшысы қажет», - деді. Ол сондай-ақ: «Зеленскийдің жеке және саяси ұстанымы Украина қақтығысын реттеумен қабыспаса, біз күрделі мәселеге тап боламыз», - деді.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон да 2-сі күні американдық БАҚ-қа берген сұхбатында: «Зеленский байсалды қалпын қайта тауып, алғыс сезіммен келіссөз үстеліне отыруы керек, өйтпегенде Украинаны басқа адам басқаратын болады», - деді. Ол Зеленскийдің Ақ үйдегі әрекеті оның бейбітшілік келісіміне дайын еместігін көрсетті, үмітті ақтамады деп санайды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио да 2-ші күні БАҚ өкілдеріне Зеленскийдің Ақ үйде айтқан сөздері Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы тоқтату әрекеттеріне «қайшы» екенін айтты. Ол 28 ақпаннан бері «Зеленскиймен және Украина сыртқы істер министрі Сербигамен ешқандай байланыста болмағанын» жеткізді. Десе де Украинадағы қақтығысты тоқтату құлшыныстары қайта басталатынын айтты.

Ал Зеленский болса, қазіргі күрделі кезеңде өзін президентіктен кетірудің өте қиынға соғатынын жеткізді. Ол Ағылшын арнасына берген сұхбатында: «Егер олар мені ауыстырғысы келсе, қазіргі қиын жағдаймен, елдің маған деген қолдауымен санасуы керек. Мені орнымнан ығыстыру оңайға соқпайды. Сайлау өткізумен мәселе шешілмейді. Ол үшін мені сайлаудан шеттетулерің керек. Ол қиынның қиыны, айналып келіп менімен келіссөз өткізуге мәжбұр боласыңдар», - деді. Ол өзінің басты мақсаты НАТО-ға кіру екенін, сол тілегі орындалғанда ғана президенттіктен өз еркімен кететінін тағы қайталады.

Abai.kz

3 пікір