Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Өзекті 2236 0 пікір 4 Наурыз, 2025 сағат 15:19

Су үнемдеу: Қазақстан мен Өзбекстан тәжірбие алмасуда

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

3-5 наурыз аралығында Ташкентте Өзбекстан Республикасының су үнемдейтін суару жүйелерін дамыту және енгізу жөніндегі тәжірибесін зерделеу бойынша тренинг өтуде. Іс-шараға қазақстандық су шаруашылығы саласының мамандары да қатысып жатыр.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев қаңтар айының соңында өткен екіжақты су ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 12-ші отырысында аталған тренингті өткізу туралы келіскен болатын.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шара аясында оқыту дәрістері, семинарлар, заманауи су үнемдеу технологиялар мен су үнемдеу жүйелерінің элементтерін жасаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысу өтеді. Тренингке қатысушылар су үнемдеу технологияларының тиімділігін іс жүзінде жүзінде бағалай алады.

«Біз өз мамандарымыздың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша өзге елдермен белсенді ынтымақтастық орнаттық. Мысалы, биыл қазақстандық 105 маман Қытайда тәжірибе алмасады. Бұдан бөлек, 1000-ға жуық маман қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді», - деді Ғылым және инновация департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1139
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2668
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 786
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 756