Сейсенбі, 4 Наурыз 2025
Деп жатыр 149 4 пікір 4 Наурыз, 2025 сағат 15:40

Берденов: Шымкентте жемқорлық толық жойылды

Сурет: parlam.kz сайтынан алынды.

Санаулы күн бұрын Шымкент қаласының әкімі орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов өңірдің жемқорлықтан тазарғанын айтып, мәлімдеме жасады.

Оның тілшілердің сауалына берген жауабында қалада құрылыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында жемқорлық толыққанды жойылды деп отыр.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ, – дейді Руслан Берденов.

Abai.kz

4 пікір