Бейсенбі, 6 Наурыз 2025
Билік 341 0 пікір 6 Наурыз, 2025 сағат 12:44

«Этиканы сақтау - объективті ақпаратқа жол ашады!»

Сурет: time.kz сайтынан алынды.

Жуырда ҚР Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің баспасөз қатшысы мен БАҚ өкілдерінің арасындағы түсініспеушілікке бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Министр Балаева: «Журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған жағдай, өкінішке қарай, аккредитация ережелерінің сақталмауы мен Премьер-Министрдің орынбасарының баспасөз хатшысының әрекетіне байланысты туындады», - дейді.

Аида Ғалымқызы: «Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтау қажет екенін естен шығармағаны жөн. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс», - дейді.

Аида Балаева:

– Құрметті әріптестер! Журналистер мен мемлекеттік органдардың өзара тиімді жұмысы қоғамның негізгі құқықтарының бірі – объективті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алайда, осы бірлескен жұмыс кезінде кез келген өркениетті қоғамда басты қағидаттардың бірі саналатын сыйластық, этика және мәдени қарым-қатынас толық сақтала бермейді.

Мәжіліс қабырғасында журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған жағдай, өкінішке қарай, аккредитация ережелерінің сақталмауы мен Премьер-Министрдің орынбасарының баспасөз хатшысының әрекетіне байланысты туындады.

Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтау қажет екенін естен шығармағаны жөн.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

Министрлік мемлекеттік органдардың барлық баспасөз қызметтерімен бірлескен жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтеді. Сонымен қатар, бұл бағытта Ақпарат комитеті де конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандырады.

Abai.kz

0 пікір