Жұма, 18 Сәуір 2025
Жаңалықтар 662 0 пікір 12 Наурыз, 2025 сағат 13:38

Алматыда қылмыстық топ мүшелері сотталды

Сурет: orncom.kz сайтынан алынды.

Алматыда жалғызбасты және психикалық ауытқуы бар адамдардың пәтерін заңсыз сатқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты.

Сот отырысы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ерлан Болатовтың төрағалығымен өтті.

Аталған іс бойынша 22 адам айыпталушы деп танылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ 2017-2023 жылдар аралығында жұмыс істеген. Оның құрамында психиатр-дәрігерлер, нотариус, риелторлар және бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істеген қызметкерлер болған.

Оларға адамдарды ұрлау, кісі өлтіру және психикалық ауытқуы бар қарттарға зорлық-зомбылық көрсетіп, баспанасынан айыру бойынша айып тағылды. Істе барлығы 37 эпизод бар.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі бойынша күдіктілер 3 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2011
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4872
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4069