Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Билік 3419 0 пікір 26 Наурыз, 2025 сағат 16:15

Қазақстанға Словения президенті Пирц-Мусар келе жатыр

Сурет: time.kz сайтынан алынды.

2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 813
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2150
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 546
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 525