Өңірлердегі темір тұлпар саны қанша?

Еліміздегі ең ірі онлайн авто-хабарландыру платформасының мәліметінше, 2024 жылы елімізде 205 111 көлік сатылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары.
Оған қоса Қазақстанның автомобиль нарығындағы ТОП-3 көлік маркасы да белгілі болды. Былтыр еліміздегі автосалондар 44 218 Hyundai көлігін сатқан. Екінші орында 30 927 данасы саудаланған Chevrolet маркасы. Үздік үштікті 23 045 дана сатылыммен Kia көлігі түйіндейді.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 2025 жылдың 1 наурызына дейін елімізде 5 791 674 автокөлік тіркелген. Оның 5 101 862-сі жеңіл көлік. Одан бөлек 573 659 жүк көлігі мен 116 153 автобус бар.
Автомобиль саны бойынша Алматы қаласы көш басында. Оңтүстік астанада 671 163 көлік тіркелген. Тізбекті 612 907 машинамен Алматы облысы жалғастырады. Үшінші орын 429 229 көлігі бар Астана қаласына тиесілі. Автомобильді ең аз қолданатын өңір — Ұлытау облысы. Онда 26 725 көлік тіркелген.
Қазақстанда барлығы 5 791 674 тіркелген. Өңірлерге келер болсақ:
Абай — 69 493
Ақмола — 241 623
Ақтөбе — 221 886
Алматы — 612 907
Атырау — 158 783
Батыс Қазақстан — 176 368
Жамбыл — 300 445
Жетісу — 79 690
Қарағанды — 361 674
Қостанай — 244 353
Қызылорда — 178 645
Маңғыстау — 194 720
Оңтүстік Қазақстан — 147 231
Павлодар — 213 191
Солтүстік Қазақстан — 178 007
Түркістан — 333 625
Ұлытау — 26 725
Шығыс Қазақстан — 333 648
Астана қаласы — 429 229
Алматы қаласы — 671 163
Шымкент қаласы — 247 552
Дипломатиялық нөмірлер — 52 232
Өңірі көрсетілмеген — 318 484
Еліміздегі темір тұлпарлардың 82%-ы, нақтырақ айтсақ, 4 740 115-і бензин тұтынады. 412 099 көлік дизель отынымен, 13 356 көлік газбалонмен жүреді. Ал 421 232-сы гибридті автомобильдер. Оған қоса Қазақстанда 13 599 электр машиналары бар. Қалған 188 273 көліктің қолданатын отын түрі көрсетілмеген.
Abai.kz