Сенбі, 10 Мамыр 2025
Жаңалықтар 1438 0 пікір 31 Наурыз, 2025 сағат 14:46

Алматыда биыл 87 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Сурет: Егемен Қазақстан ссайтынан алынды.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл Алматыда жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның 84%-ы немесе 73 293 орын тұрақты болады. 2024 жылы мегаполисте 84,7 мың жұмыс орны ашылған.

Жұмыспен қамту шаралары 32 мың адамды қамтиды. Олардың ішінде 10,6 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады, 8,7 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі.

"— Оқу бағдарламаларына, оның ішінде enbek.kz платформасындағы қысқа мерзімді курстарға және «Бастау Бизнес» жобасына 7 мың адам тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ алматылықтар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 400 АЕК-ке дейінгі грант алуы мүмкін, — деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2014
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3031