Дүйсенбі, 14 Сәуір 2025
Білгенге маржан 2234 0 пікір 8 Сәуір, 2025 сағат 12:27

Шырақ көтерген қыз

Сурет: wwd.com сайтынан алынды.

«Columbia Pictures» кинокомпаниясы әлем халқына «Джанго освобожденный», «Рокки Бальбоа», «Казино Рояль», «Хэнкок», «Девушка с татуировкой дракона» секілді әйгілі фильмдерімен жақсы таныс.

Компанияның қолына шырағдан ұстап тұрған қыздың бейнесі мен «Columbia» деген жазуы бар логотипін де киносүйер қауым жазбай таниды. Бірақ оның қалай пайда болғанын кімдер біледі?

Америкалық «Columbia Pictures» кинокомпаниясын ең алғаш 1919 жылы Гэрри Кон есімді жігіт құрған. Әуел баста компанияның «азан шақырып қойған аты» «СBC Film Sales Corporation» болатын. Алайда, бұл атаудың сәтсіз екенін ұққан басшылық студияға «Columbia» атын беріп, логотипке қолына шырақ ұстаған қыздың бейнесін шығарады. Сөйтіп, АҚШ-тың символына айналған туынды дүниеге келеді.  Алғашқыда қыз бір қолына зәйтүн  бұтағын, екіншісіне  қалқан ұстап Рим жауынгерінің образын  көрсетіп тұрған. Көп ұзамай зәйтүн бұтағы шырағданмен ауыстырылып, қалқан мүлдем керексіз болып қалды. Компания логотипінің концепсиясы 1928 жылы нақты бекітіледі. Содан бері оның тек графикалық құрамдас бөлігі өзгеріске ұшырағанымен, идеясы сол күйінде сақталған.

1992 жылы кинокомпания басшылығы логотипті тарихи мазмұнын сақтай отырып, цифрлық форматқа көшіруге бекінеді. Іске суретші Майкл Дж. Диасты жалдайды. Жаңа логотипті жасау үшін Майкл компанияда графикалық редактор болып істейтін Дженни Джозефті суретке түсуге көндіреді. Нәтижесі жаман болмайды. Қазір экраннан шығып жүрген «Columbia Pictures» логотипіндегі қыз – дәл осы Дженни Джозеф. Бұл – оның өміріндегі модель ретінде түскен ең алғашқы және ең соңғы суреті. Бір қызығы, Дженни өзге модельдерге қарағанда экраннан әлдеқайда жиі көрінеді. Ал, компания логотипі әлі күнге әлемдегі аса танымал брендтердің нағыз көрінектісі екендігі шындық. Солай ғой, келісесіздер ме?!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1883
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4700
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3784