Айдос Сарым. Бәрекелді, Тәжікстан!
Еліміздігі мемлекеттік тілдің жағдайы туралы айта-айта өзімізді де, өзгені де жалықтырып алғандаймыз. Тіпті тіл туралы әңгіме қозғаған адамның өзі ұяла, қымсына сөйлейтін жағдайға жеттік. Билік «қоғам дайын емес» десе, қоғам «биліктің ықыласы жоқ» деумен келеміз. Осы орайда өзіміздің көршіміз Тәжікстандағы тілдік жағдайға, ондағы биліктің бірізділігіне, саяси жігеріне қарап қайран қаласың.
Осыдан бірер ай бұрын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон теледидарда сөз сөйлеп, біздермен қатар 1989 жылы қабылданған «Тілдер туралы» заңды реформалау жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Оның пікірінше, тілдер туралы заңнаманы замана талабына сай өзгеру үшін ең алдымен орыс тілін оның «ұлтаралық қатынас тілі статусынан» айырып, барлық мемлекеттік органдарды тек қана мемлекеттік, яғни тәжік тілінде сөйлету қажет. Бұл шаралар өз кезегінде Тәжікстанның шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, «ұлттың сана-сезімінің артуына ықпал етеді» деген болатын Рахмон мырза.

Айта кету керек, бұл қадамға бару үшін тәжік билігі бірнеше маңызды шараларды атқарып тастаған болатын. Өзгерістерді өзімнен бастайын деген Рахмонов 2007 жылы өз атын «Рахмонға» ауыстырып, көп ұзамай елдің барлық АХАЖ қызметтеріне -ов пен -ев деген адам аттарын тіркеуге ресми тиым салады. Әрине Тәжікстанның бұндай батыл қадамдары Ресейдің қатты наразылығын тудырды, осы елдің кейбір депутаттары мен лауазымды тұлғалары бұлқынып, төбе шашын жұлуға дейін барды...
Міне, араға төрт ай салып кеше Тәжікстан парламенті республика үкіметі ұсынған «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын бекітті. Бұл заң күшіне енген күннен бастап орыс тілі өзінің «арнайы статусынан айрылып», балық азаматтар мемлекеттік органдармен хат жазысып, хат алысқанда тек қана тәжік тідін пайдалануға мәжбүр болады! Жаңа заң бойынша мемлекеттік тілді білу елдің әр азаматының міндетіне айналды!
Біз тәжік бауырларымызды отарлық сана мен рухани бодандықтан құтылу бағытында жасаған қадамдарымен құттықтаймыз! Бәрекелді, Тәжікстан!
Қазақ үкіметі мен депутаттарының құлағына алтын сырға! Жақын арада Қазақстанда да осындай заңдардың қабылдануына жеткізсін! Осындай өзекті өзгерістердің уақыты келді!
«Абай-ақпарат»