Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Айбын 1023 0 пікір 10 Сәуір, 2025 сағат 18:29

Қазақстан мен Әзербайжан әскери жаттығу өткізеді

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен «Каспий самалы – 2025» әскери-теңіз оқу-жаттығуына дайындық аясында Қазақстанның теңізді қаласында Әзербайжан қорғаныс ведомствосының өкілдерімен штабтық келіссөздер өтті.

Келіссөздерде бас штаб бастығы – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков пен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов алдағы оқу-жаттығуларды жан-жақты талқылап, келісті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Оқу-жаттығу Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтеді.  Корабльдер келген кезде оқу-жаттығу жоспары мен карталардағы эпизодтар егжей-тегжейлі нақтыланады.

«Жауынгерлік іс-қимыл жүргізу» кезеңінің міндеттері кешенді түрде пысықтауды көздейді. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға корабльдерді орналастыру, теңіз өткелінде корабльдердің бірлесе жүзу элементтерін орындау қарастырылған. Әскери теңізшілер қарсы келген қатерлерді тойтару, апатқа ұшыраған ұшу аппараттарына, корабльдерге және кемелерге көмек көрсету мәселелерін пысықтайды. Одан бөлек теңіз және әуе нысандары бойынша жауынгерлік атыстар жүргізіледі.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

– Оқу-жаттығулар екі елдің әскери-теңіз күштері арасындағы бірлескен іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған міндеттердің кең спектрін қамтиды, – деп атап өтті бас штаб бастығы – ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.

Оқу-жаттығуға жағалау бөлімшелерінің жеке құрамы және әскери-теңіз базасының корабльдері (кемелері) тартылатын болады. Әзербайжаннан жаттығуларға екі күзет кораблі, көмекші кеме және жағалау бөлімшелері келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1826
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4637
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3675