Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Не дейді?! 976 0 пікір 22 Сәуір, 2025 сағат 13:30

Астанада ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

ҚР ҰҚК Астанада бір қызметкердің қайтыс болғанын ресми растады.

21 сәуірде астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

– Биыл 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда,

– делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ҚР ҰҚК Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары «Рахат» көпқабатты тұрғын үй кешенінің балконынан секіріп қайтыс болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2660
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4327