Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Анық-қанығы 183 0 пікір 22 Сәуір, 2025 сағат 14:15

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің тәртібі өзгереді

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Енді денсаулыққа тікелей қауіп төндірмейтін жеңіл шақыртуларға жедел жәрдем емес, емханалар жанындағы мобильді бригадалар барады.

Нақты не білу керек?

– 4-санаттағы шақыртулар (мысалы, қан қысымының көтерілуі, температура, жеңіл жарақаттар) таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін емхана мамандарына бағытталады.

– Түнгі уақытта және демалыс күндері бұрынғыдай жедел жәрдем қызмет көрсетеді.

– Мобильді топтар 60 минут ішінде жетуі тиіс.

– Қажет болған жағдайда олармен бірге тар бейінді дәрігерлер де бара алады.

Бұл жүйе жедел жәрдемнің расымен шұғыл шақыртуларға уақытылы жетуін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Маңызды:

Жедел жәрдем шақыру механизмі өзгермейді – 103 нөміріне қоңырау шаласыз, әрі қарай мамандар өздері шешім қабылдайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2130
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5008
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4250