Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Әне, көрдің бе? 217 0 пікір 12 Мамыр, 2025 сағат 11:25

Елдос Қоспаев ісі: экс-әкім Байбектің қандай қатысы бар?

Сурет: vecher.kz сайтынан алынды.

Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің кланы Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) қылмыстық схемаларына белсенді қатысқан, деп хабарлайды ҚазТАГ7

«Қоспаев Е. және оның ұйымдасқан тобының мүшелері 2019 жылғы 8 сәуір мен 2020 жылғы 23 желтоқсан аралығында «AV-Construction» ЖШС-нің мүлкін иемденіп, өздеріне сеніп тапсырылған жылжымайтын мүлік нысандарын өзіндік құнынан төмен бағамен үшінші тұлғаларға сатып жіберу арқылы кәсіпорын мен оның заңды иелеріне зиян келтірген.

Атап айтқанда, Абижанов Д., Танашев Т. және Бабаев Р. ұйымдасқан топ жетекшісі Коспаев Е. және басқа да тұлғалармен келісіп, пайдалануға берілген және салынып жатқан бірқатар нысандарды Алматы қаласының сол кездегі әкімі Байбек Б.-нің әкесі Байбек Қ.-ға  өзіндік құнынан төмен бағамен сату туралы шешім қабылдаған. Бұл кәсіпорын мен оның заңды иелеріне тікелей зиян келтірген», – делінген Коспаевтың ҰҚТ-сына қатысты сот үкімінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2175
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3834