Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
Жаңалықтар 314 0 пікір 22 Мамыр, 2025 сағат 15:40

Оңтүстік Корея елімізге инвестиция салудан топ үштікке енді

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Соңғы 20 жыл ішінде корейлік инвестициялардың жалпы көлемі 10,8 млрд АҚШ долларынан асты.  Сеулде Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ жаңа серіктестіктерді қалыптастыруға және корей кәсіпкерлерді АХҚО алаңы арқылы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған AIFC Connect бизнес іс-шарасын өткізді.

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов өз сөзінде Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Елші Корея Республикасының Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін айтты.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша Кореядан Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 1,2 млрд АҚШ долларына жетіп, Корея Республикасы еліміздің экономикасына инвестиция құйған ең ірі үшінші инвесторға айналды», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов.

Сонымен қатар, елші Қазақстанда 876 корей капиталы бар кәсіпорын сәтті жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Екі ел арасындағы әуе қатынас та жақсы дамуда: қазіргі таңда аптасына 15 тікелей рейс Астана мен Алматы қалаларынан Сеулге қатынауда, ал 29 мамырдан бастап SCAT Airlines авиакомпаниясы "Шымкент-Сеул" бағытында жаңа маршрутты іске қосуды жоспарлап отыр.

«АХҚО GFCI рейтингіне сәйкес Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның жетекші қаржы орталығы ретінде шетелдік инвесторларға Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар ұсынады. AIFC Connect аясында біз жаһандық деңгейдегі экономикалық орталық Сеулдің кәсіпкерлеріне АХҚО-ның қаржы, өнеркәсіп, инфрақұрылым және қазіргі экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан секторларының бірі креативті индустрия салаларындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерімен таныстырдық», – деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Ренат Бектұров.

Сеулдегі іс-шарада талқылаудың орталық тақырыбы қаржы орталығының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы озық құқықтық базасы және мәмілелерді үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес құрылымдай алу мүмкіндігі ескеріле отырып, АХҚО-ның креативті индустрияны дамыту мүмкіндіктері болды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы экономиканың нақты секторының жобаларына инвестиция салу үшін қаржы орталығының әлеуетіне назар аударылды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2801
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4534