Далай лама былай депті...

Адам баласының өмірінде аса маңызды екі құндылық бар. Осы екеуінен өзгесін келесі орындарға қоюға болады. Барлық адам діни сенім- нанымдарының қандай екендігіне қарамастан мейірімді һәм кешірімшіл болғаны абзал. Сонда үнемі көңіліміз жайдарланып, әрдайым жадырап- жайнап жүрмекпіз. Қамшының сабындай қысқа осынау аласапыран дүниеде бізге осыдан артық таңдау да жоқ.
***
Адам баласы ақша табу үшін, денсаулығын құрбандыққа шалып жібереді. Сосын, тапқан ақшасын, сол денені сауықтыру үшін жұмсайды. Болашаққа әрдайым асығады да, бүгіннін ұмытады. Ақырғы нәтижеде адам бүгінге де, ертенгі уақытқа да ғұмыры жетпей қалады. Неге десеңіз, әр пенде ешқашан өлмейтіндей өмір сүреді де, күндердің бір күнінде ешқашан өмір сүрмегендей- ақ өмірден өтеді.
***
Адам баласында сенім мен үміттің мыңдаған шоғы маздап тұрады. Бірі сөнсе де, өзгесі қалады. Бірер сәтсіздікке ұрынған соң сенімін жоғалтатындар болады. Алайда, өмір деген өлшеусіз бай, адамның ақыл-ойы тұңғиық терең. Бір ғана үмітке барлығын арту –көрсоқырлық. Егер сол жалғыз үміт ақталмаса, өмір құрдымға кетпей ме? Сондықтан, ондай қатерге өзімізді итермейік.
***
Әр таңда оянған сайын күннің көзін көргеніңе қуан. Сен есен саусың, асыл жансың. Азат та асыл жанның көрер қызығы алда.осы мүмкіндікті босқа жібермегін. Әлемге нұрлы шуақ шашу үшін өзіңді дамыт, жүрегіңді тазарт. Дәл бүгіннен осылай, өзгелерге шын ниетпен қатынас жасағын. Адам ой мен жаман ниеттен аулақ болып, өзіңді сергек ұста.
***
Жауапкершілік
Жаңа ғасыр бізден тың идеяларды талап етіп жатыр. Сондықтан, бұрыңғыдан да кең өріс, көпшіл көзқарас, адамзатқа аса қажет болып отыр. Тек өзіңнің қамыңды күйттейтін заман келмеске кетті. «Менің ғана отбасым, ата -тегім, руым ғана»- деп тар шеңберде шектелмей күллі елдің, ел-жұртының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын жауапкершілік бізге жүктелді.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Abai.kz