Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Әуесқой бокс: Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен U22 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы барлық салмақта 50 спортшымен қатысып, 48 жүлде (41 алтын, 6 күміс, 1 қола) жеңіп алды.
Каратэ: Өзбекстан астанасы Ташкентте мәресіне жеткен Азия чемпионатында ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Жүзу: Францияның Канет қаласында ұйымдастырылған халықаралық турнирде Әділбек Мусин мәреге екінші жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Үстел теннисі: Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде Жәния Бекмұхамбетова жеңіс тұғырына көтерілді.
Теннис: Францияның Страсбург қаласында аяқталған WTA 500 турнирінде еліміздің бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина топ жарды. Бұл – Еленаның биылғы маусымдағы алғашқы титулы.
Abai.kz