Жұма, 26 Маусым 2026
Жаңалықтар 138 0 пікір 26 Маусым, 2026 сағат 16:41

Қазақ-Өзбек шекарасы тәулік бойы жұмыс істейді

Сурет: informburo.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған.

Хаттама «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі мен жұмыс режимін «екіжақты» мәртебеден «халықаралық (көпжақты)» мәртебеге ауыстыру, сондай-ақ жұмыс режимін «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» режимге өзгерту көзделген.

Бұл өзгерістер өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар ағынын жеделдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға бағытталған.

Abai.kz

0 пікір