Сәрсенбі, 29 Шілде 2026
46 - сөз 319 0 пікір 28 Шілде, 2026 сағат 14:08

АҚШ еркіндік символы болудан қалды ма?

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюркті қайта сайлау туралы дауыс беру  кезінде АҚШ пен Франция арасында дипломатиялық қақтығыс туындады. Францияның АҚШ-ты Солтүстік Корея және Ресей сияқты авторитарлық мемлекеттермен қатар қоюы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі АҚШ өкілдерінің отырыстан топтық шығып кетуіне әкеліп соқты, олар одақтасы Францияның әрекетін «екіжүзділік» деп айыптады.

АҚШ елшісінің орынбасары Дэн Негреа: «Франция Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі бола тұра бүгін талқылап жатқан соғыс (Украина) түйткілі болсын немесе бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысы жоқ адам құқықтары мәселелері болсын, әрбір мәселе бойынша барлығына нұсқау беруге тырысып, наразылық танытады. Сондықтан Франция сөйлеген кезде біз отырыстан шығып кеттік», - деді. АҚШ өкілінің Қауіпсіздік Кеңесінен залынан шығып кетуі өте сирек кездеседі.

Жұма күні дауыс бері кезінде АҚШ Солтүстік Корея, Ресей, Никарагуа және Малимен бірге, БҰҰ Бас Ассамблеясындағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар Фолькер Тюрктің төрт жылдық мерзімін ұзартуға қарсы дауыс берген он елдің бірі болды.

Францияның Женевадағы БҰҰ-дағы тұрақты өкілдері X веб-сайтында ағылшын тілінде: «Америка Құрама Штаттары бір кездері адам құқықтарының үлгісі болған. Бүгінде жағдай мүлдем басқаша. Олар Солтүстік Корея, Никарагуа, Мали және Ресей сияқты оқшауланған елге айналды. Әлем енді олардың дауысын тыңдамайды», - деп жазды.

Женевадағы  АҚШ-тың тұрақты өкілі Дэн Негреа: «Бостандығына қауіп төнген әрбір қақтығыста біз әріптес мемлекет жағында болдық. Бүгін мен оларға Америка Құрама Штаттарының әлемдегі бостандықтың үлгісі болып қала беретінін ескерткім келеді», - деді.

Ол тағы да: «олар өзгені менсінбейтін, өзгенің пікіріне құрмет етпейтін майданын өзгертпесе, біз оларға ендігәрі саяси астары бар мәлімдемелер жасауға  жол бермейміз» - деп қосты.

Франция елшісі Жером Боннафонт оған жауап ретінде: «Биыл біз Америка Құрама Штаттарының құрылғанының 250 жылдығын атап өтеміз. Францияның бұған айтарлықтай үлес қосқаны белгілі», - деді.

Ол сондай-ақ Францияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясында «БҰҰ-ның тәуелсіз ұйым ретіндегі дербестігін дәріптеп, БҰҰ Жарғысына, адам құқықтары мен бейбітшілікке қызмет етуді жаслғастыра беретінін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір