Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Аймақ 1124 0 пікір 27 Мамыр, 2025 сағат 15:26

Жетісу Комьюнити орталығының қызметкерлерінің Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құрметі

Сурет: Жетісу Комьюнити орталығынан алынды.

Жетісу Комьюнити орталығының қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге деген құрмет пен алғыс сезімін білдіру мақсатында арнайы шара ұйымдастырды.

Бұл жолы олар ардагерлердің үйіне барып, жеміс-жидекке толы сыйлық себеттерін табыстады.

Сурет: Жетісу Комьюнити орталығынан алынды.

Шара барысында қызметкерлер ардагерлердің хал-жағдайын сұрап, олармен жылы жүздесулер өткізді. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдірді. Бұл — ардагерлерге тек материалдық көмек емес, рухани қолдау да көрсетудің жарқын үлгісі болды.

Игі бастама жастардың бойына құрмет пен мейірімділік ұялатуға, ардагерлердің қоғамдағы орнының маңыздылығын насихаттауға бағытталды. Шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 677
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9396
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 763