Бейсенбі, 12 Маусым 2025
Аласапыран 441 0 пікір 11 Маусым, 2025 сағат 14:05

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр

Сурет: lrt.lt сайтынан алынды.

Құжат жобасында «Северный поток» газ құбырларына қарсы санкцияларды енгізу және ресейлік мұнайдың бағалық шегін барреліне 45 долларға дейін төмендету туралы тармақтар бар.

Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас айтты.

Ресейдің «көлеңкелі флотына» жататын 77 танкерге санкция енгізу де ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, санкциялар пакетінде 22 ресейлік банкті SWIFT жүйесінен ажырату көзделген. Ресей Қарулы Күштеріне көмектесіп жатқан 22 ресейлік және шетелдік компания қара тізімге енеді деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында Беларусь пен Қытайдың кәсіпорындары бар.

Abai.kz

0 пікір