Қазақстанға екінші АЭС-ті Қытай салады...

Қытайдың CNNC компаниясы Қазақстанда тағы бір атом электрстанциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы болып танылды.
Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, шорт-листке кірген қатысушылардың барлығы бірегей технологияларға ие, бірақ объективті түрде ең күшті ұсыныстар Қытай мен Ресейден болған.
«Қытаймен атом өнеркәсібіндегі ынтымақтастық туралы жеке келісімге қол қою жоспарлануда. Ал біз тағы бір атом электр станциясын салу үшін Қытай технологияларын Қазақстанда көргіміз келеді», - деді Сәтқалиев.
Бүгін сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ресейлік «Росатом» компаниясы екені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәлімдеді.
Abai.kz