Жұма, 20 Маусым 2025
Жаңалықтар 1368 0 пікір 19 Маусым, 2025 сағат 16:43

Мәжіліс рақымшылық туралы заңды мақұлдады

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Парламент Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына рақымшылық жасауды мақұлдады. 

"Сенат Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң қабылдады. Заң Парламент депутаттарының бастамасымен және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған. Мұндай қадам халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді: мұндай шешімдер көптеген елдерде мерейтойлық күндер мен маңызды оқиғаларға байланысты қабылданды", - деді Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай.

Рақымшылық кімдерге қолданылады?

- қылмыстық теріс қылықтар немесе ауырлығы аз қылмыстар жасаған адамдар;

- ауырлығы орташа қылмыстарды залалсыз не оны толық өтеген кезде жасағандар;

- әлеуметтік осал адамдар.

"Бұл ретте рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар және басқа да бірқатар ауыр құрамдар үшін сотталғандарға қолданылмайды", - деп нақтылады Споткай.

Abai.kz

0 пікір