Жұма, 20 Маусым 2025
Жаңалықтар 230 0 пікір 20 Маусым, 2025 сағат 14:54

5 түрлі азық-түліктің бағасы төмендеді

Сурет: saudagov.kz сайтынан алынды.

Сауда және интеграция министрлігі 19 мамырдағы мәлімет бойынша әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түліктің бағасы төмендегенін хабарлады.

Маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетігіне сай, қырыққабат — 5,3%-ға, жұмыртқа — 0,6%-ға, күріш пен картоп — 0,2%-ға, сүзбе — 0,1%-ға төмендеді. 6 тауар бойынша баға өзгеріссіз қалды. Сәбіз, пияз, күнбағыс майы, сүт, сиыр және сары май, тұз бен қантта аздаған қымбаттау тіркелді. Жалпы апталық өсім — 0,2%.

Бұл өзгерістер маусымаралық кезеңмен байланысты: былтырғы өнім аяқталып, ерте өнімдер нарыққа шығуда. Бұл бағаның тұрақталуына әсер етеді деп күтіледі.

— Бағаны бақылау күшейтіліп отыр. 2025 жылдың басынан бастап өңірлерде 500-ден астам комиссия отырысы өтіп, 1 900-ден аса құқықбұзушылық анықталды. Сауда үстемесін асырғандар енді айыппұлмен жазаланады. Электронды шот-фактуралар арқылы делдалдар әрекетіне талдау жүргізілуде. 5 600-ден астам тізбек зерттеліп, 564-інде заңбұзушылық қаупі анықталды. Бұл шаралар нарықтағы делдалдарды азайтып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған, — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, азық-түліктің 11 түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек.

Abai.kz

0 пікір