Сәрсенбі, 25 Маусым 2025
Көршінің көлеңкесі 228 0 пікір 25 Маусым, 2025 сағат 13:03

Сталиннің жаңа мүсіні: Ресей КСРО-ны тірілтуді көздейді...

Сурет: history.ru сайтынан алынды.

Жақында Мәскеудегі метро станциясына кіре берісте Иосиф Сталиннің су жаңа мүсіні орнатылды. Кеңестік диктатордың қарама-қайшы мұрасы бұрынғысынша терең әлеуметтік жаңа жаралар мен соны саяси шиеленістер тудырса да, бұл мүсін - жай ғана эстетикалық таңдау емес, ол Ресейдің өз өткенін қайта ойластыруға деген ұмтылысының символдарының бірі болып табылады.

Бұл туралы BBC Russia редакторы Стив Розенберг жазды: Ескерткіштің ашылуы Ресейдің соңғы жылдардағы тарихи саясатының бағытын күрт өзгерту туралы мәселені тағы да көтере бастағанын танытады. Атап айтқанда, 2022 жылы Украинаға толыққанды басып кіргеннен кейін Кремль кеңестік өткенге қатысты өзінің саяси әлімжеттілігін ашық таныта бастады.

«КСРО ӘЛІ ДЕ ТІРШІЛІК КЕШУІ БЕК МҮМКІН»

Осы символикалық қадамдардан басқа, жақында әлдеқайда ТМД әлемінің жүрегін тітірткенткен түсініктеме пайда болды. Президент Путинге жақын кеңесші «Кеңес Одағының ыдырауы шын мәнінде техникалық қателіктің нәтижесінде болды және заң бойынша ол әлі де бар болуы мүмкін» деп пайымдады. Бұл мәлімдеме өткенге ғана емес, Ресейдің саяси шекаралары мен егемендігін қазіргі түсінуге де күмән келтіреді.

Стив Розенбергтің айтуынша, мұндай мәлімдемелер мен символикалық ишараттар Кремльдің өткенді өзгертіп, өз саясатын заңдастыру әрекетінің бір бөлігі болып табылады. Сталиннің мүсінін орнату - бұл тарихи қайраткерді мәңгі есте қалдыру ғана емес, бұл «баламалы тарихи баяндауды» өмірге қайыра әкелудегі мемлекеттік процесінің қазіргі заманғы үлгісі де болып саналады.

ТАРИХТЫ ӘЛІМЖЕТТІК ШОҚПАРЫНА АЙНАЛДЫРУ ӘЛЕГІ

Сталин Кеңес Одағындағы репрессиялық режимнің көшбасшысы болып, оның бастау көзінің дем берушісі ретінде миллиондаған адамның өлімінің құнкеріне айналды. Алайда, бүгінде кейбіреулер оны «мықты көшбасшылықпен» және «жеңіспен» байналансытырға бейім тұрады. Бұл жағдай Ресейдегі тарихнаманың нағыз идеологиялық құралға айналғанын көрсетеді.

Кеңестік рәміздерге және өткен биліктің жасампаздығын уағыздап, бір жағынан, ресейлік халық арасында ел өткенін егіле еске алуға, екінші жағынан - Батысқа қатысты идеологиялық қолшоқпарды қолдаушылыққа жұмылдыруға бағытталып отырғаны да жасырын емес.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕМЕСІ

Розенберг Ресей басшылығының Украинаны басып алуды заңдастыру үшін тарихи сілтемелерге жүгінетінін атап өтті. Кремль Украинаның Батыспен жақындасуын «тарихи ауытқу» ретінде қарастырады және осы бір «тарихи ауытқуға» жол бермеу үшін өздерінің білек сыбана араласуын «тарихи әділдік» ретінде көрсетеді.

Осындай тарихи ауытқу – қазаққа қарсы қолға алынып: «орыс жерінің сыйға тартылуы» деген концепция өмірге келді. Бұған жеңіл-желпі қарауға болмайды.

Abai.kz

0 пікір