Сейсенбі, 1 Шілде 2025
Маңызды 265 0 пікір 1 Шілде, 2025 сағат 12:24

Бизнесті қорғау – құқықтық әділеттілікке маңызды қадам  

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Конституциялық Сот 2025 жылғы 25 маусымдағы № 72 НҚ-да ҚК-тің 245-бабының үшінші бөлігін және 262-бабын, сондай-ақ Жоғарғы Соттың «Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 НҚ-ң 11 және 13-тармақтарын Конституцияға сәйкес деп тани отырып, кәсіпкерлік пен ұйымдасқан қылмысты бөліктеу қажеттілігін көрсетті.

Бұл конституциялық іс жүргізу азаматтың өтініші бойынша қозғалып, онда экономикалық қылмыс жасаған кәсіпкерлерді коммерциялық құрылымдарға сай формальды белгілер негізінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерімен теңестірудің дұрыстығы туралы мәселе көтерілді.

Өтінішті қарау барысында Конституциялық Сот кәсіпкерлерді қылмыстық топ ретінде тек формальды белгілер негізінде тануға мүмкіндік беретін мәселеге назар аударды.

Сондықтан, құқықтық қайшылықты жою және кәсіпкерлік субъектілерге қылмыстық қысым қаупін азайту мақсатында,Конституциялық Сот өзінің қорытынды шешімінде Үкіметке қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін қарауды, ал Жоғарғы Сотқа заңды кәсіпкерлік қызмет пен ұйымдасқан топтардың қылмыстық әрекеттерін нақты ажырату үшін сот тәжірибесін қорытындылауды ұсынды.

Сондай-ақ Бас прокуратура өз қорытындысында, ұйымдасқан топты кәсіпкерлердің қарапайым сөз байласуынан ажырату үшін, мұндай әрекеттерді саралауда, нақты белгілер әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Бұл тәсілдер жаңартылған қылмыстық заңнамада көрінісін тауып жатыр.

А.ж. 26 маусымда Парламент Сенатының депутаттары түзетулерді мақұлдады, оған сәйкес ресми кәсіпорындар қызметкерлерінің міндеттерін орындауы, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгісі ретінде қарастырылмайды, егер олар қылмыс жасау үшін әдейі құрылған болмаса.

Жалпы бұл өзгерістер кәсіпкерлікті қорғау және бизнеске негізсіз қысым жасаудың алдын алу бойынша, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

Abai.kz

 

0 пікір